Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Понтус Оберг Қазақстанда ойнағаны үшін Швецияда қудалауға ұшырағанын айтты • Мадина Оспан: «Декрет» фильмін аналардың ішкі күйзелісін көрсету үшін түсірдік • Ресей хоккей құрамасы Универсиада-2027-ге Новогорскіде дайындалады • Еуропаны қар жауып, жүздеген жол апаты мен электр үзілістері тіркелді • Фариза Бекібай бұрынғы енесімен қарым-қатынасын сақтап қалғанын айтты • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Понтус Оберг Қазақстанда ойнағаны үшін Швецияда қудалауға ұшырағанын айтты • Мадина Оспан: «Декрет» фильмін аналардың ішкі күйзелісін көрсету үшін түсірдік • Ресей хоккей құрамасы Универсиада-2027-ге Новогорскіде дайындалады • Еуропаны қар жауып, жүздеген жол апаты мен электр үзілістері тіркелді • Фариза Бекібай бұрынғы енесімен қарым-қатынасын сақтап қалғанын айтты • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды •

    Алматыда 5 адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

    Алматыда 5 адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

    Фото: ашық дереккөз

    Алматы қаласының полиция департаменті 5 адам қаза тапқан өртке байланысты іс қозғады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    — Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу мән-жайы анықталады, — деп хабарлады полициядан.

    Еске салайық, 26 қараша сағат 03:44–те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Өрт сағат 04:42–де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 техника жұмылдырылды.

    Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →