Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Баға қымбаттайды: АҚШ бірқатар елдерге баж салығын тағы көбейтпек • «Барыс» үш матчтан кейін «Северстальдің» жеңіс сериясын үзуге тырысады • Елена Рыбакина әлемнің ең сұлу теннисшілері қатарына енді • Беллингем ПСВ қақпасына ширақ соққымен әдемі гол енгізді • Уимблдон рекордшысы Леся Цуренко мансабын аяқтады • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Баға қымбаттайды: АҚШ бірқатар елдерге баж салығын тағы көбейтпек • «Барыс» үш матчтан кейін «Северстальдің» жеңіс сериясын үзуге тырысады • Елена Рыбакина әлемнің ең сұлу теннисшілері қатарына енді • Беллингем ПСВ қақпасына ширақ соққымен әдемі гол енгізді • Уимблдон рекордшысы Леся Цуренко мансабын аяқтады • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі •

    Баға қымбаттайды: АҚШ бірқатар елдерге баж салығын тағы көбейтпек

    Баға қымбаттайды: АҚШ бірқатар елдерге баж салығын тағы көбейтпек

    Кеше ғана Азия елдерін аралап, Қытайда алқалы жиындарға қатысқан Дональд Трамп сапардан көңілсіз оралған тәрізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    АҚШ Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропалық одақтың 27 еліне баж салығын көбейтуге ниетті. Бұл жайында Bloomberg агенттігі хабарлады.

    Ресми Вашингтон бұл елдер өз өнеркәсіптеріне мемлекеттік субсидия береді деп айыптайды. Мұндайда ашық бәсеке болмайды.

    «Бұл америкалық өндірушілерге қарсы әрекет», – дейді АҚШ тарапы.

    Әзірге баж салығының нақты мөлшері белгісіз. Бірақ ең жоғарғы тариф Қытайға салынады деген хабар бар. Өз кезегінде ресми Бейжің мұндай шектеулерге біз де жауап береміз деп ескертті.

    Сарапшылар: «Баж салығының өсуі импорттық тауарлардың қымбаттауына және халықаралық сауда байланыстарының өзгеруіне әкелуі мүмкін», — деп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →