Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті •

    Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі

    Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі. Матч 24 қарашада басталып, 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

    Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі

    Фото: sports.kz

    Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Өзбекстандық 20 жастағы жары Жавохир Синдаровқа әлемдік шахмат тағы үшін матч басталар алдында сәттілік тіледі. Ол Instagram желісінде оның турнир залындағы ойын үстеліндегі суретін жариялап, «Құдаймен бірге» деп жазды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұған дейін Асаубаева сұхбатында Жавохирді келесі Претенденттер турнирінде көргісі келмейтінін айтқан, өйткені ол «қазірдің өзінде әлем чемпионы болуы керек».

    Шахматшылар бала кезден таныс, ал 2026 жылдың қазанында гроссмейстердің атасы Комил Синдаров олардың романтикалық қатынасын ресми түрде растап, екі отбасы да жұпты қолдайтынын және тойларын күтіп жүргенін хабарлаған.

    Еске салайық, бұған дейін Синдаровтың мансабындағы басты матчта қасында болу үшін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Штутгартта (Германия) өткен WR Women’s Chess Tour 2026 сериясының гранд-финалына қатысудан бас тартып, Швейцарияға ұшып келген.

    Бұған дейін «Курсив» жазғандай, қарсыласу 2026 жылдың 24 қарашасында Женева маңындағы (Колоньи) Мартин Бодмер қорының мәдени орталығында басталып, 12 желтоқсанға дейін жалғасады. Шахмат тағы үшін матчтың бірінші партиясында әлем чемпионы Гукеш Доммараджу мен титулға үміткер Өзбекстандық Жавохир Синдаров тең түсті.

    Қарсыластар 14 классикалық партия ойнауы тиіс (жеңіс үшін 7,5 ұпай жинау қажет), ал жүлде қоры 2,5 млн долларды құрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →