«Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді
«Қайрат» Чемпиондар лигасының матчында украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді. Педриньо дубль жасады, қарсылас екі ойыншысын жоғалтты. Қарымта ойын Семейде өтеді.
Фото: Instagram/ @fcsemey
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының тартысты матчында жеңіске жетті. Sports.kz хабарлауынша, кездесу Молдовада өтті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жетінші минутта есепті Фернан ашты, алайда украиндықтар 18-ші минутта Эдуард Нагорныйдың күшімен теңдікті қалпына келтірді. Екінші таймда, 26-шы минутта Педриньо қазақстандықтарды қайтадан алға шығарды. Бірақ Олег Выставной (35-ші минут) есепті 2:2 етті. 38-ші минутта Педриньо дубль жасап, қазақстандықтарға жеңіс әкелді — 3:2.
«Атлетик» құрамында екі қызыл карточка болды: 23-ші минутта Давид Калашникке қызыл карточка көрсетілсе, 35-ші минутта қақпашы Богдан Мещеряков алаңнан қуылды.
Командалар арасындағы қарымта ойын бесінші желтоқсанда Семейде өтеді.
Алдында «Қайрат» сырт алаңда поляк «Пястына» 0:2 есебімен жол берген болатын. Бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қызметтен кету туралы өтініш бергені белгілі болды. Алматылық клуб басшылығы оның өтінішін қанағаттандырды.
