Сәкен Майғазиев анасыз өткен қырық күнді еске алды
«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде марқұм анасы Ұлтай Мырзамбекқызын еске алып, анасыз өткен қырық күннің ауыр екенін жеткізді.
Сурет: sn.kz
«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде марқұм анасы Ұлтай Мырзамбекқызын еске алып, әсерлі бейнежазба жариялады. Өнер иесі жазбасында анасыз өткен қырық күннің ауыр екенін жеткізген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жарияланған видеода әншінің зират басында жүргенін көруге болады. Бейнежазбаға Үкітай Ерниязовтың «Анасы жоқ адамдар» әні қойылған.
«Анашымсыз өткен қырық күн», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Еске салайық, 13 қазанда әнші Instagram парақшасында анасы Ұлтай Мырзамбекқызының дүниеден өткенін хабарлаған еді. Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда Түркістан облысы Созақ ауылындағы өз шаңырағында өткен.
