Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бублик ATP рейтингінде 25-орында қалды, Шевченко алғашқы жүздіктен шықты • Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Бублик ATP рейтингінде 25-орында қалды, Шевченко алғашқы жүздіктен шықты • Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді •

    Бублик ATP рейтингінде 25-орында қалды, Шевченко алғашқы жүздіктен шықты

    ATP қорытынды турнирінен кейінгі рейтингте Александр Бублик 25-орында қалды, Александр Шевченко алғашқы жүздіктен шығып, 102-орынға түсті.

    Бублик ATP рейтингінде 25-орында қалды, Шевченко алғашқы жүздіктен шықты

    Сурет: sports.kz

    Туринде (Италия) өткен қорытынды турнирден кейін Кәсіби теннисшілер ассоциациясы (ATP) жеке разряд бойынша рейтингін жариялады. Бірінші орынды Германияның финалисі Александр Зверев сақтап қалды, екінші сатыда — италиялық Янник Синнер. Үштікті турнир жеңімпазы испаниялық Карлос Алькарас түйіндеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алтыншы орынға француз Артур Фис көтерілді, ол Италияның өкілі Флавио Коболлиді жетінші сатыға ығыстырды.

    Еске салайық, ATP қорытынды турнирінің финалында Алькарас Зверевті 6:2, 7:6 есебімен жеңген болатын.

    Қазақстан өкілі Александр Бублик Алматыдағы турнирден кейін маусымды мерзімінен бұрын аяқтап, 25-орында тұр. Александр Шевченко екі позиция жоғалтып, алғашқы жүздіктен шығып қалды — 102-орын. Тимофей Скатов 193-орыннан 194-орынға төмендеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →