Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қалыңмал мәһрдің орнына жүре ме? ҚМДБ жауабы • Тоқаев Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына 25 жылдық мерейтойында жаңа оқу корпусын табыс етті • UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды • Тоқаев Орталық Азиядағы су мәселесін «тіршілік үшін күрес» деп бағалады • Тоқаев: Қазақстан технологиялық жаңаруды жеделдетуі керек • Эфир — жаңа базар: сатушы камера алдында, ал жұмыстың көбі камерадан тыс • Қалыңмал мәһрдің орнына жүре ме? ҚМДБ жауабы • Тоқаев Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына 25 жылдық мерейтойында жаңа оқу корпусын табыс етті • UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды • Тоқаев Орталық Азиядағы су мәселесін «тіршілік үшін күрес» деп бағалады • Тоқаев: Қазақстан технологиялық жаңаруды жеделдетуі керек • Эфир — жаңа базар: сатушы камера алдында, ал жұмыстың көбі камерадан тыс •

    Қалыңмал мәһрдің орнына жүре ме? ҚМДБ жауабы

    Қалыңмал мәһрдің орнына жүре ме? ҚМДБ жауабы

    Фото: Pixabay

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қалыңмал төлеген жағдайда жігіттің мәһр беруден босатылатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

    Мүфтияттың түсіндіруінше, қалыңмал мен мәһр – екі бөлек ұғым. Қазақ дәстүрінде қалыңмал қыздың отбасына беріліп, оның бір бөлігі жасау әзірлеуге жұмсалған. Ал ислам шариғатында мәһр – әйелдің жеке меншігі. Оны күйеуі де, ата-анасы да әйелдің рұқсатынсыз пайдалана алмайды.

    Дегенмен екі тарап алдын ала келіссе, қалыңмалдың белгілі бір бөлігін немесе толық сомасын мәһр ретінде белгілеуге болады. Мысалы, жігіт жағы қызға 1 миллион теңге беріп, оны мәһр деп келіссе, бұл қаражат қалыңдықтың жеке ақысы саналады.

    Мүфтияттың мәліметінше, Ғұламалар кеңесінің шешіміне сәйкес, қыздың келісімімен қалыңмал мәһр ретінде есептеліп, жасауға жұмсалуы мүмкін. Ал қалыңдық келіспеген жағдайда, мәһр толықтай өзіне берілуі тиіс.

    Сондай-ақ мәһрді неке қию кезінде, оған дейін немесе кейін төлеуге болады. Ал қалыңмал беру дәстүрі жоқ өңірлерде неке кезінде мәһр мәселесі міндетті түрде ескерілуі қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →