Тоқаев стратегиялық серіктестердің III форумында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестердің III форумында сөз сөйлеп, ғылыми ынтымақтастық пен жоғары білім әлеуетін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Фото: «Казинформ» Telegram-арнасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестердің III форумында сөз сөйледі.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Бүгін шынымен де маңызды іс-шара өтіп жатыр. Стратегиялық серіктестердің III форумына әлемдік ғылыми қауымдастықтың көрнекті өкілдері, әлемге әйгілі ғалымдар, білім саласының білікті мамандары мен сарапшылары қатысып отыр. Бұл алаңда халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың түрлі аспектілері жан-жақты қарастырылуда. Бұл өте өзекті тақырып, өйткені қазіргі тұрақсыздық пен белгісіздік жағдайында әлемдік университет қауымдастығы өз ұстанымын білдіріп, ұсыныстарын айтуы қажет. Ғылыми қауымдастық өкілдері халықаралық шиеленісті төмендетуге елеулі үлес қосып отыр. Бүгін ғылымды дамытуға және басқа да өзекті мәселелерді шешуге қатысты көптеген құнды пікірлер мен сындарлы идеялар айтылды. Сөзсіз, олардың барлығы Қазақстандағы және шетелдегі жоғары білім әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады», — деді Президент.
