Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Ұлы дала өркениетінің жаңғыруы туралы мәлімдеді • Тоқаев: цифрландыру дәуірінде ғылым мен білімге ерекше орын беріледі • Тоқаев стратегиялық серіктестердің III форумында сөз сөйледі • Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовтан бір жілік ет сұрағанын айтты • Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды • Қазақстандық шахматшы қыздар Абу-Дабидегі Азия ұлттары кубогында үшінші орын алды • Тоқаев Ұлы дала өркениетінің жаңғыруы туралы мәлімдеді • Тоқаев: цифрландыру дәуірінде ғылым мен білімге ерекше орын беріледі • Тоқаев стратегиялық серіктестердің III форумында сөз сөйледі • Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовтан бір жілік ет сұрағанын айтты • Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды • Қазақстандық шахматшы қыздар Абу-Дабидегі Азия ұлттары кубогында үшінші орын алды •

    Тоқаев Ұлы дала өркениетінің жаңғыруы туралы мәлімдеді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы дала өркениетінің жаңғыруы туралы мәлімдеді. Ол Тәуелсіздіктің 35 жылдығындағы реформалар мен халықаралық беделді атап өтті.

    Тоқаев Ұлы дала өркениетінің жаңғыруы туралы мәлімдеді

    Фото: «Казинформ» Telegram-арнасы

    «Бүкіл әлемнің көрнекті ғалымдары мен ойшылдарын ортақ мақсатқа біріктірген бұл шара еліміз үшін тарихи сәтте өтіп жатыр. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздіктің айтулы белесіне Қазақстан халықаралық беделі жоғары, экономикалық әлеуеті мол, болашаққа ұмтылған озық мемлекет ретінде келді. Еліміз өңірде көш бастап, әлемде кеңінен мойындалуда», — деді Президент.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, өткен жылдарда халқымыз көптеген белестен сүрінбей өтті. Халық бірлігін нығайтып, мемлекеттілікті бекемдеу арқылы біз Ұлы даланың бірегей өркениетін жаңғырттық.

    Соңғы жеті жылда Қазақстанда еліміздің тарихында болмаған ауқымды реформалар жүргізілді. Бұл өзгерістер бүкіл халықтың өміріне және жалпы қоғамның бейнесіне айтарлықтай әсер етті деп айтуға толық негіз бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →