Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Бектенов: Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнім басым болуы керек • Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды • Қазақстандықтар бірнеше күн бойы көлігін сақтандыра алмай жүр • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Бектенов: Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнім басым болуы керек • Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды • Қазақстандықтар бірнеше күн бойы көлігін сақтандыра алмай жүр •

    Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ

    Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ

    Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

    Жуырда Яндекс қосымшасынан ақау шыққаннан кейін Қазақстанның отандық Qajet сервисі туралы көп әңгіме айтыла бастаған еді. Айта кетейік, Qajet қосымшасын Қазақстанның мамандары жасап шығарған және  күнделікті қала ішінде жүруге арналған такси шақыру қызметі. Қосымшаның нарықтағы басқа қосымшалардан ерекшелігі –  бұл шетелдік емес, Қазақстанда жасалған отандық жоба және толықтай қазақ тіліне бейімделген. Тіпті навигаторы да қазақша сөйлейді, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Бүгін, 17 қараша күні Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев осы қосымшаға картографиялық деректер мен геосервистерді енгізу мәселесін талқылаған.

    «Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен отандық картографиялық деректер мен геосервистерді қазақстандық Qajet такси шақыру сервисіне интеграциялау мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысы өтті», -деп хабарланған министрліктің ресми сайтында.

    Яғни, дереккөзге сүйенсек, министрлік «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының» цифрлық карталары мен геосервистерін коммерциялық сервисте пайдалану мүмкіндігін пысықтап жатыр.

    «Бастаманың мақсаты – мемлекеттік цифрлық картографиялық негізді бизнес саласында іс жүзінде қолдану және Қазақстанның өз навигациялық технологияларын дамыту», — деп мәлімдеді министрліктен.

    Егер отандық өнімге цифрлық карталар енетін болса, онда такси шақыру қызметі Қазгеодезияның цифрлық карталарын пайдаланып, сондай-ақ мекенжайларды іздеп, геокодтау және маршруттарды құру мүмкіндіктерін дамыта алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →