Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ким Клейстерс Рыбакинаның шаршау белгілерін байқағанын айтты • Мейрамбек Бесбаев домбырасының 15 миллион теңгеге сатылуын түсіндірді • «Бейбарыс» «Горнякті» овертаймда 3:2 есебімен жеңді • Жазира Байырбекова Ләйлә Сұлтанқызы мен Қарақат Әбілдинамен бас қосып, әзіл жазба жариялады • Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді • Тоқаев Фуджейрадағы жол-көлік апатына байланысты Әл Наһаянға көңіл айтты • Ким Клейстерс Рыбакинаның шаршау белгілерін байқағанын айтты • Мейрамбек Бесбаев домбырасының 15 миллион теңгеге сатылуын түсіндірді • «Бейбарыс» «Горнякті» овертаймда 3:2 есебімен жеңді • Жазира Байырбекова Ләйлә Сұлтанқызы мен Қарақат Әбілдинамен бас қосып, әзіл жазба жариялады • Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді • Тоқаев Фуджейрадағы жол-көлік апатына байланысты Әл Наһаянға көңіл айтты •

    Ким Клейстерс Рыбакинаның шаршау белгілерін байқағанын айтты

    Ким Клейстерс Елена Рыбакинаның соңғы айларда қатты шаршағанын байқағанын айтып, қорытынды турнирден бас тартуына қатысты пікір білдірді.

    Ким Клейстерс Рыбакинаның шаршау белгілерін байқағанын айтты

    Сурет: sports.kz

    Үш дүркін қорытынды турнир чемпионы Ким Клейстерс қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жарыстан бас тартуына қатысты пікір білдірді. Бельгиялық спортшы соңғы айларда теннисшінің қатты шаршағанын байқағанын жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Клейстерс өз бақылауларымен теннис журналисі Блэр Хенлимен бірге жүргізетін Love All подкастында бөлісті. Оның айтуынша, қорытынды турнир кезінде Рыбакинаның медиа-күнде журналистермен сұхбатын аяқтай алмаған видеосына назар аударған.

    «Мен оның сұхбат бергелі жатқан видеожазбасын да көрдім, өзін нашар сезінгені байқалды. Ауырған кезде турнирге бармайсың; өзіңді сау және жарысқа дайын сезінгенде баруға тырысасың. Оның бас тартуға мәжбүр болғаны өте жағымсыз жағдай», — деді Клейстерс.

    «Бірақ соңғы бірнеше айда мен оны бірнеше рет көрдім, кейде ол тіпті қатты қалжырағандай көрінді. Оған қиын. Оған көп нәрсе үйіліп қалды, ол көп матч ойнайды, бұл өзі организмге ауыр жүктеме түсіреді, ал оған ұйқы мәселесін қоссаңыз…», — деп қосты әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы.

    Клейстерс сондай-ақ ұшулар, уақыт белдеулерінің ауысуы және толыққанды қалпына келудің жетіспеуі теннисшілердің жағдайын қиындатуы мүмкін екенін атап өтті.

    «Ұйқы, әрине, уақыт белдеулері ауысқаннан кейін теннисшінің қалпына келуінің үлкен бөлігі болып табылады. Қашан ұйықтайтыныңызды және демалытыныңызды роботтай жоспарлау керек. Бұл көрінгеннен әлдеқайда қиын», — деді бельгиялық.

    Рыбакина вирустық ауруға байланысты жарыс басталар алдында қорытынды турнирден бас тартты. Қазақстандық теннисші бір жыл бұрын жеңіп алған титулын қорғай алмады. Оның орнын украиналық Марта Костюк алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →