«Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл жолы күдікке іліккендер – ел экономикасындағы стратегиялық маңызы бар ірі ұлттық компаниялардың басшылары, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Ерлан Орынбаевты және өзге де тұлғаларды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстады.
Бұл оқиға елімізде заң алдында бәрі бірдей екенін, жоғары лауазым мен мәртебе жауапкершіліктен босатпайтынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатының басты мәні де осында. Заң талаптары баршаға ортақ, ал сыбайлас жемқорлықпен күрес ешқандай лауазымға қарамастан жүргізілуге тиіс.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
