Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мәскеуде терроризм, есірткі және жасанды интеллект мәселесін көтерді • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Тоқаев Мәскеуде терроризм, есірткі және жасанды интеллект мәселесін көтерді • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі •

    Тоқаев Мәскеуде терроризм, есірткі және жасанды интеллект мәселесін көтерді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитінде терроризммен, есірткі саудасымен күресті күшейту және ақпараттық қауіпсіздікті нығайту мәселелерін көтерді.

    Тоқаев Мәскеуде терроризм, есірткі және жасанды интеллект мәселесін көтерді

    Фото: Ақорда

    Мәскеуде 11 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев терроризммен және есірткі саудасымен күресті күшейту, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті нығайту мәселелерін көтерді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Отырысқа Қазақстан басшысымен қатар Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.

    Мемлекет басшылары ұйымның 2026 жылғы жұмысының қорытындысын талқылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Ресейдің биыл ҰҚШҰ-ға төрағалық етуін жоғары бағалады.

    Қазақстан президенті халықаралық терроризмге қарсы күрес пен есірткі заттарының заңсыз айналымын тоқтату бағытында күш біріктіру қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының ықпалы артып келе жатқандықтан, ақпараттық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлуге шақырды.

    Жиында ҰҚШҰ-ға төрағалық етудің Тәжікстанға өтетіні де сөз болды. Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды құттықтап, жаңа міндетіне сәттілік тіледі.

    Саммит қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірнеше құжатқа қол қойылды.

    Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін 10 қарашада Мәскеуге барған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →