Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық велошабандоз Әнел Ташбай Дакардағы IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында шосседегі велоспорт жарысында 11 минут 32,57 секунд нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды.
фото: Туризм және спорт министрлігі
Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық велошабандоз Әнел Ташбай шосседегі велоспорт жарысында жеңімпаз атанды. Ол мәреге 11 минут 32,57 секунд нәтижесімен бірінші болып жетті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Осылайша Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Супығалиева жеңімпаз атанған болатын. Ал триатлоншы Рамазан Айгенов қола медальге ие болды.
Айта кетері, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатыр.
