Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлда іздестіріліп жатқан оқушы пештің ішінен табылды • Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-та дебют жасады • Қазақстан ғылымына 262 млрд теңге бөлінді: Нәтиже неге мардымсыз? • Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Келісім симфониясы» гала-концерті өтті • Парламентте баламалы энергетика туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды • ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді • Петропавлда іздестіріліп жатқан оқушы пештің ішінен табылды • Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-та дебют жасады • Қазақстан ғылымына 262 млрд теңге бөлінді: Нәтиже неге мардымсыз? • Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Келісім симфониясы» гала-концерті өтті • Парламентте баламалы энергетика туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды • ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді •

    Петропавлда іздестіріліп жатқан оқушы пештің ішінен табылды

    Петропавлда іздестіріліп жатқан оқушы пештің ішінен табылды
    Фото: polisia.kz

    10 қарашада сағат 17:30-да Петропавл қаласындағы «102» арнасына Жұмысшы кентінің тұрғыны 6 сыныпта оқитын ұлының жоғалып кеткенін хабарлайды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жасөспірімді іздеуге патрульдеуде болған полицияның кешенді күштері бағытталды. Барлық қызметтер, оның ішінде жедел әрекет ету арнайы отрядының жауынгерлері жұмылдырылды.

    Жұмысшы кенті мен оның төңірегіндегі аумақтарды тексеру үшін 3 дрон көтерілді. Орталық жедел басқару пунктінің инспекторлары бейнебақылау камераларының жазбаларын қадағалады. Олармен бірге Петропавл қалалық ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі Төребек Калелов жұмыс істеді. Ол камера жазбаларынан баланы анықтап, оның Жұмысшы кентінің шетіндегі Зайцев көшесіне дейінгі жүрген жолын бақылап отырды.

    Шамамен сағат 18:30 жасөспірім бір үйдің жанында орнатылған декоративті пешке тығылып отырған. Кейін бала полиция қызметкерлеріне пеште жылынып, ұйықтап қалғанын түсіндірді.

    Құқық қорғау органдары оны тауып, аман-есен үйіне алып келді. Ата-анасы полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты.

    Бала бұған дейін үйден өз еркімен кетпеген. Жасөспірімнің іс-әрекетіне себеп болған жағдайларды кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандар анықтайды. Полиция қызметкерлері ата-анамен және баламен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →