Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • 16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • 16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды •

    Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды

    Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
    Фото: istockphoto.com

    Семейде мәйіті қоқыс контейнерінен табылған сәбиінің өліміне қатысы бар бұрынғы полиция қызметкерлеріне үкім шығарылды. Тергеу нәрестенің тоңып қайтыс болғанын анықтаған. Сот 21 жастағы анасына екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, алайда ол рақымшылыққа ілінді. Ал 26 жастағы әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    КТК телеарнасының 2026 жылғы 15 қазандағы мәліметінше, әйел жүктілігін жасырып, қызын үйінде босанған. Кейін ол сәби өлі туғанын айтып ақталған.

    Алайда тергеу барысында нәрестенің тоңып қайтыс болғаны анықталды. Сондай-ақ қыздың өліміне әкесінің де қатысы бары белгілі болды. Ол сәбиді қоқыс жәшігіне қалдырған.

    Бір қызығы, баланың ата-анасы да ішкі істер органдарында қызмет еткен. Сот екеуін де арнайы атақтарынан айырды.

    Судья Нияз Хасенбаев әкесіне қатысты үкімді жариялады:

    «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді судья.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →