Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды • СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатынан қаза тапты • «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды • Қаза тапқандар бар: Ыстанбұлда алапат су тасқыны болды • Алматыда РФММ оқушыларының ауруханаға түсуі 55-ке жетті • Семейде газ баллоны жарылып, терезе әйнегі зақымданды • Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды • СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатынан қаза тапты • «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды • Қаза тапқандар бар: Ыстанбұлда алапат су тасқыны болды • Алматыда РФММ оқушыларының ауруханаға түсуі 55-ке жетті • Семейде газ баллоны жарылып, терезе әйнегі зақымданды •

    Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды

    Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды

    Фото: Pixabay

    Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.  

    Сондай-ақ ол 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

    Облыс прокуратурасының тексеруі нәтижесінде ауруханада 32 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған.

    Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды.

    Тергеу мәліметінше, бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған.

    Сотталушының кінәлі деп танылды. Бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →