Мәслихат сайлауына қаражат қайдан бөлінеді?
Фото: ОСК
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин алдағы Мәслихат сайлауына қаражат қайдан бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Вице-премьер мұндай мақсаттар үшін Үкімет резерві көзделгенін атап өтті.
«Осыған дейін өткен сайлауларға кеткен қаражат сомасы жарияланды. Алда өтетін Мәслихат сайлауына келсек, дауыс беру учаскелері анықталып, Орталық сайлау комиссиясы қажет қаражат мөлшерін есептеген соң, біз бұл соманы Үкімет резервінен бөлеміз», – деді Серік Жұманғарин Құрылтайда кейін өткен брифингте.
Ұлттық экономика министрінің сөзінше, Үкімет резервіндегі қаражат әртүрлі мақсаттарға жұмсалуы мүмкін.
«Төтенше жағдайларға, қажеттілік туындаған жағдайда өңірлерді қолдауға және т.б. басқалары бар. Жалпы алғанда, төрт негізгі бағыт бар», – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.
