Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты •

    Қазақстанның батысында алғашқы қар жауды

    Ақтөбе облысы мен батыс өңірлерде күздің алғашқы қары жауып, әлеуметтік желілерде бейнежазбалар тарады. Синоптиктер ауа райы құбылмалы болады деп болжап, полиция жүргізушілерді сақ болуға шақырды.

    Қазақстанның батысында алғашқы қар жауды

    Сурет: Ашық дереккөз

    Қазақстанда биылғы күздің алғашқы қары түсті. Ақтөбе облысы мен еліміздің батыс өңірлеріндегі бірқатар ауданда қар жауып, әлеуметтік желілерде ақ ұлпа басқан көшелер мен жолдардың бейнежазбалары тарай бастады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әсіресе Ақтөбе облысының Хромтау және Мәртөк аудандарында қар қалыңырақ жауған. Жергілікті тұрғындар жариялаған кадрлардан жолдар мен аулалардың біртіндеп ақ көрпеге оранғанын көруге болады.

    Синоптиктердің болжамынша, өңірде ауа райы әлі де құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түріндегі мол жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

    Ауа райының нашарлауына байланысты полиция жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырды. Температураның төмендеуінен жол бетінде көктайғақ пайда болуы ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →