Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Қарағандыда ауладағы ағаш көліктің үстіне құлады: тұрғындар наразы • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Қарағандыда ауладағы ағаш көліктің үстіне құлады: тұрғындар наразы •

    Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады

    Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады: 12 алтын, 24 күміс, 48 қола. Ат спортынан соңғы жарыстар өтті.

    Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады

    Сурет: ҰОК

    Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өткен 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жарыстары аяқталды. Ұлттық құрама сапынан ең соңғы болып ат спорты шеберлері сынға түсті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті. Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады. Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңде белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады.

    Жарыс қорытындысы бойынша Qapella атты атпен өнер көрсеткен Қатар өкілі Фалех Аладжами жеңімпаз атанды. БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен екінші орын алса, Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен үздік үштікті түйіндеді.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →