Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған • Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған •

    Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды

    Елдос Сметов Аичи-Нагоядағы Азия ойындарының финалында жеңіліп, күміс медаль алды. Ол финалдағы белдесуге баға беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды

    Фото: sports.kz

    Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіліп, күміс медаль тақты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды turkystan.kz.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Отандасымыз жарыстан кейін финалдық белдесуге баға беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

    «Жапониялық спортшымен бұған дейін белдесіп көрмеген едім. Өте тартысты кездесу болды. Бір сәтте қателік жіберіп алдым. Ол сол мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, ұпай еншіледі.

    Екі жыл үзілістен кейін Азия ойындарының финалына шығудың өзі — үлкен жетістік деп ойлаймын. Оның үстіне, алғашқы белдесуімнен бастап оңай болған жоқ. Турнирлік кесте де жеңіл түскен жоқ. Корея, Моңғолия және Тайбэй елдерінің мықты дзюдошыларымен белдестім. Финалда ғана сәл сәттілік жетіспеді.

    Әлі де уақыт бар, мықты болып ораламыз. Ең басты мақсатымыз — Олимпиадада тарихты жаңарту. Сонымен қатар өз елімізде өтетін әлем чемпионаты бар. Өз жерімізде алтын медаль жеңіп алып, еліміздің әнұранын шырқату мақсатымыз.

    Өте қуаныштымын. Қазақ еліне, барша жанкүйерге, ата-анама, өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріме алғысым шексіз. Бұл жеңіс те, жетістік те тек менің еңбегім емес. Сондықтан әке-шешеме, бауырларыма, жан жарыма үнемі қолдау көрсетіп жүргендері үшін көп рақмет.

    Қазақ елі, ренжімеңіздер, бұл жолы күміс болып қалды. Алдағы уақытта Олимпиадада да, әлем чемпионатында да алтыннан алқа тағуға бар күшімізді саламыз», — деді Елдос Сметов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →