Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды •

    Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)

    Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)

    Фото: Астана ПД

    Астанада Zeekr электромобилі мен қалалық автобус соқтығысып, салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді.

    Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйекте Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында болған.

    Полицияның мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы жағынан келе жатқан. Бағдаршамның рұқсат беретін белгісіне солға бұрылған кезде ол қарсы бағытта келе жатқан Yutong автобусына жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.

    «Жол-көлік оқиғасы салдарынан Zeekr автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.

    Zeekr автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →