Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды •

    «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды

    «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды

    Фото: Astana TV

    Ақмола облысының Ақкөл қаласында мас күйде сәбиін емізіп отырған әйел ұйықтап кеткен. Соның салдарынан қолындағы сәбиін абайсызда тұншықтырып алған. Бала қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сотта анықталғандай, әйел оянған кезде сәбиінің қозғалыссыз жатқанын байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың ауа жетіспеуі салдарынан көз жұмғанын анықтаған.

    Сот отырысында прокурор әйелге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

    Сот жазаны белгілеу кезінде әйелдің жасаған ісіне шын жүректен өкінгенін жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қылмыс кезінде алкогольдік масаң күйде болғанын ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.

    Сот үкімімен әйел 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, оған пробациялық бақылау белгіленді.

    Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →