Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Картоп жеткілікті болса, неге импортқа тәуелдіміз? • Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді • Семейдегі сауда орталығында жас келіншектің аяғын эскалатор қысып қалды • Премьер-министр: «Бірінші кезекте – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс»  • Астаналық әйел үйінен шыққанша, ұры пәтерін тонап үлгерген • Израиль елді мекендерін кеңейтуге ниетті • Картоп жеткілікті болса, неге импортқа тәуелдіміз? • Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді • Семейдегі сауда орталығында жас келіншектің аяғын эскалатор қысып қалды • Премьер-министр: «Бірінші кезекте – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс»  • Астаналық әйел үйінен шыққанша, ұры пәтерін тонап үлгерген • Израиль елді мекендерін кеңейтуге ниетті •

    Картоп жеткілікті болса, неге импортқа тәуелдіміз?

    Картоп жеткілікті болса, неге импортқа тәуелдіміз?

    Қазақстан жыл сайын ішкі сұраныстан артық картоп өндіргенімен, көктемнің соңы мен жаздың басында импортқа қайта жүгінеді. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте елдің картопқа жылдық қажеттілігі 2 млн тоннадан асатынын, ал былтыр 2,8 млн тонна өнім жиналғанын айтты. Биыл да министрлік шамамен осы көлемді күтеді, ал картоп алқабы ұйымдасқан шаруашылықтарда тағы 5,5 мың гектарға ұлғайтылған.

    Вице-министрдің сөзінше, республикада жалпы сыйымдылығы 2,6 млн тонна болатын 956 көкөніс қоймасы бар және өндірілген өнімді сақтауға мүмкіндік жеткілікті. Соған қарамастан мамыр-маусым айларында ішкі қор азайып, жаңа өнім шыққанға дейін Қазақстанға сырттан картоп әкелінеді. Яғни өнім көлемі де, сақтау қуаты да жеткілікті деген есеп болғанымен, маусымаралық кезеңдегі импорт мәселесі әлі шешілген жоқ. Енді министрлік үшін негізгі сұрақ мол өнімді жинау ғана емес, оны келесі өнімге дейін ішкі нарыққа тұрақты жеткізетін жүйені жолға қою.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →