Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты •

    Қазақстандықтардың орташа табысы 410 088 теңгеге жетті

    2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға жоғары.

    Қазақстандықтардың орташа табысы 410 088 теңгеге жетті

    Сурет: turkystan.kz

    2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға артық. Мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Есепті кезеңде жан басына шаққандағы ақшалай шығыс орта есеппен 358 584 теңге болды. Ал тұтынуға пайдаланылған табыс 362 900 теңгеге тең.

    Халықтың ақшалай табысының 72,7 пайызы еңбек қызметінен түскен кірістерге тиесілі. Оның ішінде 64,6 пайызы – жалдамалы жұмыстан, 8,1 пайызы – жалдамалы емес жұмыстан түскен табыс. Әлеуметтік трансферттердің үлесі 24,2 пайызды құрайды.

    Ақшалай шығыстардың 90,7 пайызы тұтыну шығыстарына жұмсалған. Оның ішінде азық-түлік тауарларына – 50,5 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 19,5 пайыз, ақылы қызметтерге – 20,7 пайыз тиесілі.

    Өңірлер арасында жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған табыстың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында – 483 887 теңге. Одан кейін Қарағанды облысы (480 696 теңге) және Павлодар облысы (453 161 теңге) тұр. Астанада бұл көрсеткіш 451 999 теңгеге тең.

    Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, зерттеу тоқсан сайын 12 мың үй шаруашылығын қамту арқылы жүргізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →