Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме»: Меруерт Түсіпбаева Аша Матай туралы • «Авторы мүлде басқа!»: Каспийде баласын күтіп отыр деген ананың видеосы фейк болып шықты • Алматы облысында тағы да жер сілкінді • Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды • Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО) • Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады • «Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме»: Меруерт Түсіпбаева Аша Матай туралы • «Авторы мүлде басқа!»: Каспийде баласын күтіп отыр деген ананың видеосы фейк болып шықты • Алматы облысында тағы да жер сілкінді • Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды • Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО) • Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады •

    Алматы облысында тағы да жер сілкінді

    Алматы облысында тағы да жер сілкінді
    Фото: istockphoto.com
    28 қыркүйек күні түстен кейін Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қазақстан ұлттық деректер орталығының (KNDC) сайты ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығына сілтеме жасап жазғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 13:53-те Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде болған. Бұл – Алматыдан шамамен 247 шақырым.

    Жер сілкінісі эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 42,81 градусы және шығыс бойлықтың 79,89 градусы. Магнитудасы – mb 4,2, энергетикалық класы – K 9,4. Ошақтың тереңдігі – 7 шақырым. Дүмпудің сезілгені туралы мәлімет жоқ.

    28 қыркүйекте Алматыда да жер сілкінісі сезілген еді. Оның қаладағы қарқындылығы 3–4 балл болды. Сол күні таңертең ерте Қазақстанда тағы бір сейсмикалық оқиға тіркелді. Құтқарушылар оның ошағы нақты қай жерде орналасқанын хабарламады және дүмпулердің Алматыда сезілмегенін мәлімдеді. Кейін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қалада күшті жер сілкінісі болу болжамы туралы айтты. Сондай-ақ Алматыдағы жер сілкіністерінің ошақтарына қатысты жаңартылған мәлімет жарияланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →