Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кардиолог 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады • Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Кардиолог 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады • Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті •

    Кардиолог 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады

    Кардиолог Валентина Байдина 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады: тексеруден өту, зиянды әдеттерден бас тарту және теңгерімді тамақтану.

    Кардиолог 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады

    Фото: pexels.com

    40 жастан асқан соң жүрек-қан тамырлары жүйесінің саулығына жүйелі көңіл бөліп, денсаулықты тұрақты бақылау қажет. Санкт-Петербургтегі «СМ-Клиника» кардиологы, медицина ғылымдарының кандидаты Валентина Байдина жүрек пен қан тамырларының саулығын сақтауға көмектесетін үш негізгі ережені атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Дәрігер ең алдымен медициналық тексеруден уақытылы өтіп тұруға кеңес берді.

    «Адам жылына кемінде бір рет дәрігерге қаралып, электрокардиографиядан (ЭКГ) өтуі керек. Сондай-ақ артериялық қан қысымын өз бетінше бақылап, қалыпты болып көрінсе де, мезгіл-мезгіл өлшеп тұрған жөн. Бұдан бөлек, жылына бір рет қандағы глюкоза, холестерин және бауырдың негізгі ферменттерінің деңгейін анықтау үшін талдау тапсырған маңызды», – деді Байдина.

    Екінші маңызды қадам ретінде дәрігер темекі шегу мен алкогольден бас тартуды атады. Оның орнына дене белсенділігіне көңіл бөлуге кеңес берді. Қан тамырларының тонусын сақтау үшін аптасына екі рет бассейнге бару, созылу жаттығуларын жасау немесе скандинавиялық жүріспен айналысу пайдалы. Ең бастысы – мұндай жаттығуларды тұрақты түрде әдетке айналдыру, деді маман.

    Жүрек саулығын сақтаудың үшінші шарты – теңгерімді тамақтану. Байдина майлы етті азайтып, майы аз ақуыз көздеріне басымдық беруге кеңес берді. Көмірсулардың пайдалы көзі ретінде қатты бидай сорттарынан жасалған макарон өнімдерін атады.

    Сондай-ақ дәрігер күнделікті ас мәзірінде жаңа піскен көкөністер, жемістер мен көк шөптер мол болуы керегін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →