Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға қатысты жалған ақпараттар теріске шығарылды • Тоқаев Қорғаныс министрі Мырзахметовті қабылдап, нақты тапсырмалар берді • Тоқаев бір топ әскери қызметшіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады • Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды • Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға қатысты жалған ақпараттар теріске шығарылды • Тоқаев Қорғаныс министрі Мырзахметовті қабылдап, нақты тапсырмалар берді • Тоқаев бір топ әскери қызметшіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады • Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды •

    Тоқаев Қорғаныс министрі Мырзахметовті қабылдап, нақты тапсырмалар берді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдап, қорғаныс қабілетін нығайту, әскери дайындықты күшейту және әлеуметтік қолдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

    Тоқаев Қорғаныс министрі Мырзахметовті қабылдап, нақты тапсырмалар берді

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесу барысында Президент еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне айрықша назар аударды. Оның айтуынша, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін басты басымдық болуға тиіс.

    Сонымен қатар Президент кәсіби даярлықтың сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу міндеттерін белгіледі.

    Мемлекет басшысы сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп, Отанға адалдық қасиеттерін қалыптастыруға баса мән беріп, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.

    Бұдан бөлек, кездесуде әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →