Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Қытай халқы біздің халыққа ешқашан зиян келтірген емес • Алматыда Тоқаев қатысқан форумдағы қонақтар қаза болған сарбаздардың рухына тағзым етті (ВИДЕО) • Каспий теңізінде қаза тапқан екі сарбаздың денесі туған қалаларына арнайы рейспен жеткізілді • Бас қолбасшының орынбасары, штаб бастығы: Каспийдегі 14 сарбаздың қазасына күдікті ретінде бес адам ұсталды • Қытай Қазақстан экономикасына 29 млрд доллардан астам қаржы құйды — Тоқаев • Сарбаздардың қазасы: күдікті лауазымды қызметкерлер анықталып, марқұмдардың жақындарына көмек көрсетіліп жатыр • Тоқаев: Қытай халқы біздің халыққа ешқашан зиян келтірген емес • Алматыда Тоқаев қатысқан форумдағы қонақтар қаза болған сарбаздардың рухына тағзым етті (ВИДЕО) • Каспий теңізінде қаза тапқан екі сарбаздың денесі туған қалаларына арнайы рейспен жеткізілді • Бас қолбасшының орынбасары, штаб бастығы: Каспийдегі 14 сарбаздың қазасына күдікті ретінде бес адам ұсталды • Қытай Қазақстан экономикасына 29 млрд доллардан астам қаржы құйды — Тоқаев • Сарбаздардың қазасы: күдікті лауазымды қызметкерлер анықталып, марқұмдардың жақындарына көмек көрсетіліп жатыр •

    Бас қолбасшының орынбасары, штаб бастығы: Каспийдегі 14 сарбаздың қазасына күдікті ретінде бес адам ұсталды

    Бас қолбасшының орынбасары, штаб бастығы: Каспийдегі 14 сарбаздың қазасына күдікті ретінде бес адам ұсталды

    Фото: видеодан скриншот

    Маңғыстау облысында Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Ресми деректе айтылғандай, қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды.

    «Ұсталғандардың қатарында — ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары — штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері бар», — деп жазды Polisia.kz.

    Мәлім болғандай, олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

    «24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында, Ақтау қаласынан 43 шақырым жерде оқу-жаттығу барысында «Қайсар» катерінен жеке құрамды түсіру кезінде қолайсыз метеорологиялық жағдайда әскери қызметшілерді теңіз ағысы алып кеткені анықталды. Тергеу барысында оқу-жауынгерлік міндетті ұйымдастыру және орындау кезінде шешімдердің қабылдану мән-жайлары, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, гидрометеорологиялық жағдайдың ескерілуі, катердің техникалық жай-күйі, сондай-ақ оқу-жаттығуды өткізуге және жеке құрамның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттері зерделенуде», — делінген хабарламада.

    Сонымен қатар қажетті тергеу және процестік іс-шаралар жүргізілуде. Барлық күдікті тұлғалардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі.

    «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының ерекше бақылауында», — деп мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →