Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда қаза тапқан спортшы Аяпберген Сержан Талғатұлы • Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөліп, банк қарыздарын кешірді • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда қаза тапқан спортшы Аяпберген Сержан Талғатұлы • Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөліп, банк қарыздарын кешірді • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты •

    Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда қаза тапқан спортшы Аяпберген Сержан Талғатұлы

    Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығуда қаза тапқан сарбаздардың бірі — Маңғыстау облысының «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшысы Аяпберген Сержан Талғатұлы.

    Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда қаза тапқан спортшы Аяпберген Сержан Талғатұлы

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу барысында қаза тапқан сарбаздардың қатарында Маңғыстау облысындағы «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушісі Аяпберген Сержан Талғатұлы болды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сержан жастайынан самбо мен дзюдомен шұғылданып, облыстық, республикалық және халықаралық додаларда жүлделі орындарға қол жеткізген. Ол самбодан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, студенттер арасындағы ТМД ойындарының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар дзюдодан халықаралық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіне ие болған.

    Кейін ол Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып, әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапты.

    Маңғыстау облысындағы «Жас Батыр» спорт мектебі Аяпберген Сержан Талғатұлының қазасына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен спортшылар қауымына көңіл айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →