Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады
Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады.
Сурет: видеодан скриншот
Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жөнінде ресми мәлімет таратты. Ведомство денесі табылып, қаза тапқаны ресми түрде расталған әскери қызметшілердің есімдерін атады. Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілер туралы да ақпарат берілді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің жеке құрамы Маңғыстау облысындағы жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, іздеу-құтқару жұмыстары мен оқиғаның мән-жайын анықтау шаралары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
