Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда • Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда • Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды •

    Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты

    Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапты, үшеуі аман қалды, екеуін іздеу жалғасуда. Президент көңіл айтып, арнайы комиссия құрылды.

    Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты

    Бүгін еліміз ауыр қазаға ұшырады. Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметшіміз қаза тапты, үшеуін аман алып қалу мүмкін болды, қалған екеуін іздеу жалғасуда.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаза тапқан сарбаздар мен офицерлердің отбасыларына, туған-туыстарына және жақындарына терең әрі шынайы көңіл айтады. Президент пен бүкіл қазақстандық халық сіздердің орны толмас қайғыларыңызды бөліседі.

    Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет менің жетекшілігіммен болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Оқиғаға байланысты уәкілетті органдар қылмыстық істер қозғады.

    Тергеу барынша мұқият, объективті және қысқа мерзімде жүргізіледі. Осы қайғылы оқиғаға әрекетімен немесе әрекетсіздігімен себеп болған барлық лауазымды тұлғалар заңның барлық қатаңдығымен жауапқа тартылады.

    Мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын бұл қайғымен жалғыз қалдырмайды. Қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына ірі көлемде материалдық көмек көрсетіліп, қажетті қолдаудың барлығы беріледі.

    Тергеу барысы мен отбасыларға көмек көрсету менің жеке бақылауымда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →