Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды Қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды Қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек

    Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда

    Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай аймағында Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда. 17 адам суға кетіп, 12-сі қаза тапты, екі әскери қызметшіні іздестіру жалғасуда.

    Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда

    Сурет: gov.kz

    Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай болған аймақта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға орнында жұмылдырылған мемлекеттік органдардың іс-қимылы мен іздестіру-құтқару жұмыстары үйлестірілуде. Бүгінгі басты міндет — орналасқан жері әлі анықталмаған екі әскери қызметшіні табу.

    Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейгеннен кейін 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тапты, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

    Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді іздеуге барлық қажетті күш пен құралды тартып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсету міндеттелді.

    Уәкілетті органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

    Комиссияның жұмысы мен оқиға орнындағы іздестіру-құтқару іс-шаралары жалғасуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →