Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасының Молдоваға есе жіберуін талдады • Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден өтті • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасының Молдоваға есе жіберуін талдады • Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден өтті •

    «Түрлі көзқарас — біртұтас ұлт»: Тоқаев Халық Кеңесінің басты мақсатын атады

    «Түрлі көзқарас — біртұтас ұлт»: Тоқаев Халық Кеңесінің басты мақсатын атады

    Фото: Ақорда

    Халық Кеңесінде ел ынтымағын күшейте түсетін тиімді, алдын ала мұқият зерттелген бастамалар жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында жаңа органның басты мақсаттарын атады.

    — Уақыт бір орында тұрмайды, бұл — өмірдің заңы. Сондықтан, заманның тұрпаты да, талабы да өзгеріп отырады. Өркениетті ел болу — жаһан көшінен қалмай, үнемі бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Біз ұлттық сана-сезімге серпіліс беріп, жұртымызды ортақ мүддеге жұмылдыру үшін қоғамдық диалогты одан әрі дамыта түсуіміз қажет. Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсатымыз да — осы, — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

    Президенттің айтуынша, ел тарихында алғаш рет қоғам мүддесі жолында еңбек етіп жүрген түрлі топтағы адамдар бір құрылым аясында бірікті.

    Мұны «Түрлі көзқарас — біртұтас ұлт» тұжырымдамасының іс жүзіндегі нақты көрінісі деп айтуға болады.

    — Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы жалпыұлттық бірлігіміздің анағұрлым нығайып, институционалдық сипатқа ие болғанын көрсетті. Осылайша, Қазақстан Халық Кеңесінде ел ынтымағын күшейте түсетін тиімді, алдын ала мұқият зерттелген бастамалар жүзеге асырылады. Осы орайда, Қазақстан Халық Кеңесінің конституциялық мәртебесіне тағы да назар аударғым келеді. Бұл қадам орасан зор мүмкіндіктерге жол ашады, — деді Қ. Тоқаев.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →