Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды
Фото: ҚР ТЖМ
Оралдың шетіндегі Зачаганск кентінде екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соқтығыс салдарынан көліктің жүргізушісі салонда қысылып қалған.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көлікте қысылып қалған әйелді шығарып алды.
Зардап шеккен әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
