Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жезқазған тұрғыны Ұлттық Банк атын жамылған алаяқтарға 9 млн теңге аударған Астана әуежайында екі жүзден астам iPhone 18 смартфонын заңсыз әкелмек болғандар ұсталды Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды Таразда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім көзінен айырылды Жезқазған тұрғыны Ұлттық Банк атын жамылған алаяқтарға 9 млн теңге аударған Астана әуежайында екі жүзден астам iPhone 18 смартфонын заңсыз әкелмек болғандар ұсталды Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды Таразда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім көзінен айырылды

    Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты

    Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты

    Фото: Владислав Семенов

    Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 7-алтын медаль түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста отандасымыз Алексей Луценко мәре сызығын бірінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші 4 сағат, 13 минут, 11 секунд.

    Бұл — тәжірибелі велошабандоз Алексей үшін Аичи-Нагоя 2026 ойындарындағы 2-алтын медаль. Ол бәсекенің алғашқы күні жекелей сында жеңіске жеткен.

    Қазақстан велоспорт мектебінің жарқын өкілі кәсіби карьерасында көптеген жетістікке қол жеткізді. Бұл қатарда 2012 және 2013 жылғы жастар арасындағы (U23) әлем чемпионатының қос алтыны бар. Париж-Ницца және Вуэльта Испания сынды жарыстардың кезеңінде жеңіске жеткен.

    Тарихи нәтижеге шолу:

    Бүгін Алексей Луценко жазғы Азия ойындарындағы алтын жүлдесінің санын 6-ға жеткізді. Енді ол бәсеке тарихында ең көп чемпион атанған отандасымыз.

    Инчхон 2014 — 1 алтын

    Джакарта 2018 — 2 алтын

    Ханчжоу 2022 — 1 алтын, 1 күміс

    Аичи-Нагоя 2026 — 2 алтын

    Осыған дейін көш басында Хиросима мен Бангкоктағы Азиадаға қатысып, 5 алтын медаль жеңіп алған Константин Негодяев (каноэде ескек есу) тұрды.

    Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →