Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді
Әнші Айдана Меденова мен продюсер Бағым Мұхитдинова әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, «Кешью» тобының Астанадағы концертіне қатыспауы туралы қауесетке түсініктеме берді.
Сурет: Әлеуметтік желіден
Әнші Айдана Меденова мен продюсер Бағым Мұхитдинова әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, көпшілік арасында тараған қауесетке қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Олар Айдана Меденованың «Кешью» тобының Астанада өткен концертіне не себепті қатыспағанын түсіндірді.
«Бірдеңе болған деп өсек таратыпсыңдар! Бізде бәрі жақсы! Біз Айданамен басқа жобадамыз. Хабар арнасындамыз!» – деді Бағым Мұхитдинова.
Желі қолданушылары өнер иелеріне қолдау білдіріп, алдағы жобаларына сәттілік тіледі.
