Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 19 қыркүйек 2026 $ 445,4 511,8 5,27
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев: Тазалық пен тәртіп — ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясында тазалық пен тәртіптің ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айналу қажеттігін айтты.

    Тоқаев: Тазалық пен тәртіп — ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс

    Фото: Ақорда

    Табиғатты аялау, өзара құрмет қағидаттарын ұстану, сондай-ақ барлық белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау отандастарымыздың мінез-құлқының, тіпті ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясында мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Оның үстіне, қазір Конституцияның өзі осыған міндеттейді. Тазалық, тәртіп және жайлылық әлемде халықтың тұрмыс мәдениеті мен өркениет деңгейінің, сондай-ақ адамгершілік қасиеттерінің көрінісі ретінде қарастырылады. Бұл – ақиқат. Жақында Астана мен Алматыға Американың белгілі конгрессмендері келді. Олар көшелердің тазалығы мен жинақылығына таңғалып, қаланы басқару деңгейі мен сапасына жоғары баға берді. Әлеуметтік желілерде ірі қалаларымыздың келбетіне тәнті болған шетелдік қонақтар мен туристердің бейнежазбаларын жиі байқаймыз. Көрікті қоғамдық кеңістіктер, қауіпсіздік пен жайлылық шетелде Қазақстанға қатысты оң пікір қалыптастырады. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Дегенмен біз имидж үшін жұмыс істемей, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуды ойлауымыз керек. Басты мақсат – осы. Ел ішіндегі жетістіктер халқымыздың патриоттық сезімін оятады. Өз елін мақтан тұтып, туған жерге пайдасын тигізуге үндейді», деді Мемлекет басшысы.

    Мемлекет басшысы Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту жолында нық қадам басқанын айтты.

    «Табыстарымыз көзге көрініп тұр, оны күнделікті өмірде пайдаланып та жүрміз. Бұған дейін атап өткенімдей, елордадағы Урбанистика орталығының тәжірибесін таратудың маңызы зор. Олар қала кеңістігін дамытуда заманауи тәсілдерді сәтті қолданып келеді. Орталық елорданың бірыңғай сәулет стилін айқындайтын үлгілер мен дизайн-код әзірлеуде. Әрине, шетелдік тәжірибе де пайдаланылады. Бұл – қажет іс. Барлық өңірде осы іспетті орталықтардың жұмысын уақыт оздырмай жолға қою қажет. Олар шаһарлардың біртұтас әрі үйлесімді келбетін қалыптастыруға тиіс. Сонымен қатар Үкімет пен әкімдер қала және ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аударуы керек. Бұл – біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз», деді Президент.

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы жүйелі саясат өз жемісін бере бастады. Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Бұл акция немесе науқан өмір бойы жалғаспайды. Әйтсе де онда тұрған дәнеңе жоқ. Керісінше, оның жақсы тұсы көп. Ең бастысы, өркениет талаптарына сай болу үшін сана-сезімде сілкініс болуы қажет. Бұл – біздің саналы таңдауымыз. Басқаша болуы мүмкін емес», деді Қ. Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →