Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада мас ер адам үш бала отырған бөгде пәтерге кіріп кеткен

    Астанада мас ер адам үш бала отырған бөгде пәтерге кіріп кеткен

    Фото: видеодан скрин

    Астанада мас күйдегі ер адам ішінде 2, 4 және 6 жасар үш кішкентай баласы бар бөгде пәтерге кіріп, шешініп жатып алған. Үйге оралған отағасы есік тұтқасының бұзылғанын көріп, іште жалаңаш жатқан бейтаныс адамды байқаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Арада төбелес шығып, қорыққан балалардың айғайынан көршілер жиналып, полиция шақыртқан. Отбасы әсіресе бұған дейін жол апатынан кейін мазасыздық бұзылысына ұшыраған үлкен баланың жағдайына ерекше алаңдап отыр. Полиция өкілдері оқиғаға қатысушылардың анықталғанын, мас азаматтың кіреберісте болғанын және балалардың зардап шекпегенін хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Дереккөз: @vyhod_k_pravde

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →