Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Әл-Фарабидегі апат ісі: полиция бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі жауап берді

    Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы апатқа қатысты сотта полиция бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі Әсет Жақсылықов жауап берді.

    Әл-Фарабидегі апат ісі: полиция бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі жауап берді

    Сурет: Ашық дереккөз

    Алматыда Әл-Фараби даңғылында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бұл іс бойынша қалалық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі болып жұмыс істеген Әсет Жақсылықов жауап берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жауап алу кезінде мемлекеттік айыптаушы қызметтік көлікті бақылаусыз пайдалану мен тиісті қадағалаудың жоқтығы қылмысқа жағдай жасауы мүмкін екенін айтты.

    — Бұл жағдайда біз қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін заңбұзушылықтарды көріп отырмыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін автокөлік шаруашылығында болуы тиіс автокөлікті бақылаусыз пайдалану және жауапты тұлғалар тарапынан бақылаудың болмауы осы қылмысқа жағдай жасады, — деді мемлекеттік айыптаушы.

    Әсет Жақсылықовтың өзі қызметтік көлікті автокөлік шаруашылығы аумағынан тыс жерде қалдыруға ешкім рұқсат бермегенін растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →