Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды Ерлан Карин «Адал азамат» бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін хабарлады Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті Бағлан Әбдірайымов әншілердің 5 миллион теңгелік гонорарына таңғалды Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды Ерлан Карин «Адал азамат» бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін хабарлады Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті Бағлан Әбдірайымов әншілердің 5 миллион теңгелік гонорарына таңғалды

    Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады

    АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады. Хат мәтіні жарияланды.

    Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады

    Фото: Ақорда

    Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтау хатының мәтіні жарияланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Құрметті Президент мырза! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз!» — делінген хатта.

    Онда миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш ететіні атап өтілген.

    «Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін», — деген АҚШ Президенті.

    Сонымен қатар ол Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар екенін жеткізіп, осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісуді өзі үшін зор мәртебе санайтынын білдірген.

    Айта кетейік, Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС XVIII саммиті аясында Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Ол Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Дональд Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →