Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды Ерлан Карин «Адал азамат» бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін хабарлады Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті Бағлан Әбдірайымов әншілердің 5 миллион теңгелік гонорарына таңғалды Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды Ерлан Карин «Адал азамат» бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін хабарлады Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті Бағлан Әбдірайымов әншілердің 5 миллион теңгелік гонорарына таңғалды Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды

    Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті екенін білдірді.

    Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Фото: Ақорда

    АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ақ үй басшысы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін атап өтіп, елдің мәдениеті мен тарихи мұрасына жоғары баға берді.

    «Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді», – делінген құттықтауда.

    Дональд Трамп Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің маңызын атап өтіп, екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

    «Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін», – деді АҚШ Президенті.

    Сонымен қатар Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылық қасиеттеріне ерекше тоқталды.

    «Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе», – деп жазды Дональд Трамп.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →