Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 450,5 522,6 5,37
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань «Қазгидромет» 12 қыркүйекте үш қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжады Атырау облысында күзетші әйел электр генераторының жанында қаза тапты Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань «Қазгидромет» 12 қыркүйекте үш қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжады Атырау облысында күзетші әйел электр генераторының жанында қаза тапты

    Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр

    Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2026 жылғы 9 қыркүйектегі есепті аптада картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз бағасы төмендеді. Бірқатар қалада дефляция тіркелді.

    Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр

    Сурет: istockphoto

    Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеу үстінде. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап хабарланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    2026 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша есепті аптада бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы арзандағаны байқалды.

    «Апта ішінде картоптың (-6,9%), пияздың (-5,9%), ақ қырыққабаттың (-5,1%), сәбіздің (-4,5%), алманың (-0,8%), нанның (-0,4%) және ірімшіктің (-0,3%) бағасы төмендеді. Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе бағасы өзгеріссіз қалды», — деп жазылған хабарламада.

    Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қаласында дефляциялық динамика тіркелді. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы деңгейі Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістан қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

    Республика бойынша пияздың орташа бағасы бір килограмына 156 теңгені құрады. Бұл ретте ең төмен баға Павлодар қаласында тіркелді – бір килограмына 123 теңге.

    Ел бойынша сәбіздің орташа бағасы бір килограмына 227 теңге болды. Ең төмен баға Павлодар қаласында тіркелді – бір килограмына 146 теңге.

    Республика бойынша картоптың орташа бағасы бір килограмына 217 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 152 теңге және Қостанай қаласында – 184 теңге деңгейінде тіркелді.

    Республика бойынша қызанақтың орташа бағасы бір килограмына 586 теңге болды. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді – бір килограмына 347 теңге.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →