Атырау облысында күзетші әйел электр генераторының жанында қаза тапты
Атырау облысында 59 жастағы күзетші әйел электр генераторының жанынан өлі табылды. Туыстары электр тоғы соққан деп болжайды, тергеу жүріп жатыр.
Фото: Видеодан скрин
Атырау облысында ауылдық медициналық пунктте күзетші болып істеген 59 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оған өзіне сеніп тапсырылған аумақтағы шөпті шабу міндеттелген. Бірнеше сағаттан кейін ол қолына күрек ұстаған күйі электр генераторының маңынан өлі табылды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Афанасьева ауылында дүниеден өткен Клара Кенжеғалиеваны ұлы тапқан.

«Мен мұнда жүгіріп келіп, анамның дәл осы жерде жатқанын көрдім. Қолында күрегі болды. Міне, осы жерде, осылай жатты. Күрек қолында болды», – деді марқұмның ұлы Әділбек Ғалымов.
Туыстарының айтуынша, әйел сол жерде басшылықтың тапсырмасымен шөп шауып жүрген. Ал ұлының болжамынша, анасын электр тоғы соққан.
«Жедел жәрдем қызметкерлері бәрін суретке түсірді. «Бұл бізге қажет болады, хаттамаға қосамыз» дегенді айтты. Олар әйелді көтеріп, білектерін қарап шықты, содан кейін арқасын тексеру үшін оны аударып көрді. Арқасында күйік іздері бар екен. Демек, электр тоғы оның денесі арқылы өткен. Терісі жыртылып, қан тоқтамай жатты», – деді марқұмның ұлы.

Мәйітханадағы медицина қызметкерлері Кенжеғалиеваның миына қан құйылу салдарынан қайтыс болғаны туралы қорытынды берді. Алайда туыстары бұнымен келіспейді.
Бейнебақылау камералары қайғылы жағдайдың қалай болғанын анықтауға көмектесе алар еді, алайда олардың істен шыққаны белгілі болды. Ал медициналық пункт басшылығы күзетші әйелден қауіпті нысандардың маңындағы шөпті тазалауды ешкім сұрамағанын айтқан.
«Кеше мен де біз осындай тапсырма берген екенбіз дегенді естідім. Нақты біз ондай тапсырма берген жоқпыз. Алайда «Аумақты таза ұстаңыздар, шөпті тазалаңыздар» деген сөздер жазылған аудиожазбаны естідім. Ал жергілікті медбикеден қандай тапсырма бергенін сұрағанда, ол трансформатордың маңын тазалау туралы ешқандай тапсырма болмағанын айтты», – деп түсіндірді Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры Саида Зулкашева.
Қазір марқұмның отбасы шындықты анықтап, кінәлілерді табуға тырысып жатыр. Олар прокуратураға жүгініп, істі жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етті.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
