Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы •

    Астанадағы №95 мектепте бірінші сыныпта 47 оқушы – білім басқармасы түсініктеме берді

    Астанадағы №95 мектепте бірінші сыныпта 47 оқушы бар. Қалалық білім басқармасы оқушылар санының артуына байланысты жаңа сыныптар ашылғанын мәлімдеді.

    Астанадағы №95 мектепте бірінші сыныпта 47 оқушы – білім басқармасы түсініктеме берді

    Сурет: istockphoto

    Астана қаласының Есіл ауданындағы №95 мектепте бірінші сыныптардың бірінде 47 оқушы бар. Қалалық білім басқармасы бұған қатысты түсініктеме берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы №95 мектептің бірінші сыныптарының біріндегі оқушылар санына назар аударды. Жарияланым авторының айтуынша, онда 47 бірінші сынып оқушысы білім алып жатыр.

    «№95 мектеп. Есіл ауданы. 1-сынып. Сыныпта 47 оқушы бар. Бұл не деген бассыздық? Бұл балалар қалай оқиды?!», — деп жазды қолданушы Threads желісінде.

    Nur.kz порталына Астана қалалық білім басқармасы оқу жылы басталғаннан кейін де мектепке оқушыларды қабылдау жалғасып жатқанын түсіндірді. Осыған байланысты оқушылар саны артқан.

    «Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін мектепке оқушыларды қабылдау жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Соған байланысты оқушылар саны көбейді. Бүгінгі таңда оқушылар санының артуына байланысты жаңа сыныптар ашылды», — деп мәлімдеді білім басқармасы.

    Ведомство өкілдері аталған мектеп оқушы саны көп білім беру ұйымдарына жатпайтынын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →