Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы •

    10 гектар жер өртенді: Рудный маңындағы алапат өрт құс фабрикасына қауіп төндірді

    10 гектар жер өртенді: Рудный маңындағы алапат өрт құс фабрикасына қауіп төндірді

    Фото: видеодан скрин

    Рудный қаласына кіреберісте шыққан өрт 10 гектар аумақты шарпап, жақын маңдағы құс фабрикасына дейін жетуге шақ қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, 7 қыркүйек кешке екі дәмхананың арасындағы қураған шөп пен қамыс отқа оранған. Қатты жел жалынды үдетіп, бағыты күрт өзгерген кезде өрттің кәсіпорын аумағына тарау қаупі туындаған, ал сол күні өңірде жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жететіні ескертілген. Қауіп күшейген соң құс фабрикасының қызметтері шұғыл түрде күшейтілген дайындық режиміне көшіріліп, өртке қарсы техника жұмылдырылған. Тілсіз жау сағат 21:00 шамасында оқшауланып, тағы бір жарым сағаттан кейін толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

    Видео: @tobol_info

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →