«Егеуқұйрық адамнан қорқуды қойған»: Өскемен тұрғындары дабыл қақты
Фото: видеодан скрин
Өскемен тұрғындары қоқыс контейнерлерінің маңында егеуқұйрықтар көбейіп кеткеніне шағымдануда. Әлеуметтік желіде тараған видеода кеміргіштің күндіз, адамдар жүретін жерде емін-еркін жүргені көрінеді.
Желі қолданушыларының сөзінше, егеуқұйрықтар адам жақындаса да қашпайтын болған, ал түнде қоқыс алаңдары мен үйлердің маңынан жиі байқалады. Бұл Өскемен үшін жаңа мәселе емес: бұған дейін де тұрғындар кеміргіштердің аулалар мен үйлерге дейін кіріп кеткенін айтып, бірнеше рет шағымданған. Қалада қоқыс шығару тарифі 1 қыркүйектен бастап шамамен 76 пайызға өскен тұста контейнер алаңдарының санитарлық жағдайы мен егеуқұйрық мәселесі қайтадан жұрт назарын аударып отыр. Тұрғындар енді қоқыс алаңдарын уақытылы тазалап қана қоймай, кеміргіштерге қарсы жүйелі шара жүргізілуін талап етеді.
Видео: @ilove_uka2
