Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Куала-Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді Алматыда екі жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ жұмсамақ болды Қазақстанда автожолдар бойында 62 электрқуаттау станциясы жұмыс істейді «Нұржігіт комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі көлікпен қағып кеткен жігіт туралы жазба жариялады Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тануға келісті Қостанай облысында теміржолдан 3 шақырымнан астам кабель ұрланған Куала-Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді Алматыда екі жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ жұмсамақ болды Қазақстанда автожолдар бойында 62 электрқуаттау станциясы жұмыс істейді «Нұржігіт комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі көлікпен қағып кеткен жігіт туралы жазба жариялады Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тануға келісті Қостанай облысында теміржолдан 3 шақырымнан астам кабель ұрланған

    Алматыда екі жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ жұмсамақ болды

    Алматыда екі жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ жұмсамақ болды

    Фото: Gov.kz

    Алматыда жедел жәрдем шақырып, кейін медицина қызметкерлерін пышақпен қорқытқан екі ер адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы жедел жәрдем бригадасы тәртіп сақшыларына хабарлаған.

    Полиция қызметкерлері Қазыбек би және Бәрібаев көшелерінің қиылысына барып, күдіктілерді ұстады. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар есірткіге масаң күйде болған. Олар медицина қызметкерлері келгенге дейін синтетикалық есірткі қолданғандарын айтқан. Оқиға салдарынан жедел жәрдем қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

    Ұсталған екі адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір пышақтың қайдан алынғаны, оны сақтау және алып жүру мақсаты, сондай-ақ оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

    Полиция ұсталғандардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →