Қазақстанда әскерде жүрген әрбір сарбаздың мойнында кемі 250 мың теңге несиесі бар
2024 жылдың тамызынан бастап 2026 жылдың маусымына дейінгі аралықта Қазақстандағы 82,1 мың сарбаздың 23,5 млрд теңге несиесі уақытша тоқтаған. Ал дәл қазір, 30 мың сарбаздың мойнындағы 7,5 млрд теңге несиесі «қатып» тұр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған «Финграмота» жобасы хабарлады.
«Мемлекеттік несие бюросының» мәліметінше, 2024 жылдың тамызынан бастап 2026 жылдың 1 маусымына дейін 82,1 мың сарбаздың 23,5 млрд теңге несиесі уақытша тоқтаған. Ал 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында 30 мың сарбаздың 7,5 млрд теңгесі уақытша тоқтады», — деп хабарлайды жобаның баспасөз қызметі.
Яғни, Қаржы нарығын реттеу агенттігінің сарапшылары атап өткендей, бұл бір реттік шара емес, әлдеқайда көп сарбазды қамтыған науқан болған.
Әскерде жүрген жігіттерге жаңа несие берілмейді
Бұдан өзге, дереккөз атап өткендей, 2025 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енген ережеге сай, әскерде жүрген жігіттерге банк те, микроқаржы ұйымы да несие бере алмайды.
«Қандай да бір азамат несиеге өтініш берсе, банк пен микроқаржы ұйымы несие бюросы арқылы оның мәліметін тексеру керек. Егер жігіттің әскерде жүргені туралы ақпара шықса, онда оған несие беруге болмайды», — деп хабарлайды дереккөз.
Әскерден келгеннен кейін алпыс күн уақыт бар
Осы ережеге сай, әскерден келген азаматтардың несиесі тағы 60 күн несие төлемейді.
«Дегенмен, сарбаздардың бұл күнді күтпей, төлем жасайтын жаңа күнін біліп, несиесін төлей бастағаны абзал», — деп хабарлайды дереккөз.
