Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогында үш медаль жеңіп алды
Қазақстандық шаңғышылар Чехиядағы FIS кубогында үш медаль жеңіп алды: Данил Васильев пен Илья Мизерных жеңіске жетті.
Сурет: ҰОК
Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы үш медальға ие болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бәсекенің алғашқы күнінде Данил Васильев жеңіске жетті. Ол екі әрекеттің қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, австриялық Якоб Штайнбергерден (236,6 ұпай) және поляк спортшысы Ян Галицадан (236,3 ұпай) басым түсті.
Келесі күні ел өкілдері алғашқы екі орынды иеленді. Чемпион атанған Илья Мизерных 267,4 ұпай жинаса, екінші орында 259,8 ұпаймен Данил Васильев тұрды. Үздік үштікті 244,5 ұпай жинаған австриялық Якоб Штайнбергер түйіндеді.
